Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

«Мұрағаттық анықтамалар беру»

электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметті  (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген «Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік мұрағаттар (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді, баламалы негізде мекенжайлары осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы, сондай-ақ пайдаланушыда ЭЦҚ бар болған жағдайда «электронды үкіметтің» www.e-gov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

 

«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті