Электрондық қызметтер
Мұрағаттық анықтамалар беру
Алушылар Заңды және жеке тұлғалар Қандай меморган қызмет көрсетеді Облыстардық, қалалардық, аудандардық мемлекеттік мұрағаттары Қызмет қайда көрсетіледі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағаттарында немесе тұратын жері бойынша ХҚКО Қызмет көрсету түрі Ішінара автоматтандырылған Қызмет электронды түрде келесі қалалардың тұрғындарына қолжетімді: Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Атырау, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Орал, Актау, Алматы, Кызыл Орда Қажетті құжаттар Облыстардық, қалалардық, аудандардық мемлекеттік мұрағаттарына жүгіну кезінде: 1) растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш; 2) тұтынушының өзі келген кездегі тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат немесе басқа тұлғаның нотариус рәсімінсіз жазбаша сенім хаты. Тұтынушы портал арқылы өтініш білдірген болса, электрондық сұраным сұраным жасаған тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Орталыққа келу кезінде: 1) растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш; 2) тұтынушының өзі келген кездегі тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе басқа тұлғаның нотариус рәсімінсіз жазбаша сенім хаты; Құжаттарды қабылдау кезінде Орталық қызметкері көшірменің төлнұсқамен сәйкестігін тексереді және түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады. Қажет жағдайда, тұтынушы сәйкес құжаттарды және материалдарды, немесе олардың көшірмелерін өтінішке қосып береді (хат, электрондық сұраным). Қызмет көрсету мерзімдері Облыстардық, қалалардық, аудандардық мемлекеттік мұрағаттарына жүгіну кезінде:: а) он бес күнтізбелік күн ішінде Комитет немесе ЖАО немесе Мұрағат кеңсесіне тұтынушы қажет құжаттарды өткізуі және тіркеуі тиіс. б) тіркелген сәттен бастап мемлекеттік қызметті алуға бару – он бес күнтізбелік күн ішінде. в) мемлекеттік қызметті портал арқылы алуға электрондық сұраным беру – он бес күнтізбелік күн ішінде. Қызмет құны және төлем тәртібі Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету нәтижесі Мұрағаттық анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы түсіндірмелі жауап беру.