Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатында «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы

Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатында «Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы

 

Әрбір адамның өмірінде бірнеше немесе ондаған жылдар бұрын болған маңызды оқиғалар туралы ақпараттарды қалпына келтіру қажеттілігі тууы мүмкін. Қажетті мәліметтерді анықтайтын құжаттар қолда болмаса, не істеу керек? Ондай жағдайда мәліметтерді ресми дереккөзден  алудың жалғыз жолы мұрағатқа өтініш жасау болып табылады.

Азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарында қарау тәртібі, қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтер Стандартымен анықталған.

Мұрағаттарға, соның ішінде Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатына өтініш білдірушілер міндетті түрде нені білулері қажет?

 

СҰРАНЫМ ТҮРЛЕРІ

Өзінің сипатына байланысты сұранымдар:

тақырыптық – белгілі бір тақырып, проблема, оқиға және зерттеуге арналған факт жөнінде ақпараттарды ұсыну туралы сұранымдар;

генеалогиялық – туысқандық, екі немесе оданда көп тұлғалардың туысқандық байланыстарын, отбасы тарихын, туған-туысқандарын анықтау үшін құжаттық ақпараттарды талап етуді білдіретін сұранымдар;

әлеуметтік-құқықтық – нақты тұлға немесе ұйымның, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты сұранымдар болып бөлінеді.

 

ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

«Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:

Куәландыруды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш. Бланкілерді толтырудың қажеті жоқ; өтініш еркін түрде қабылданады, бірақ, онда міндетті түрде: өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туылған жылы мен жері, азаматтығы, сондай-ақ құжаттарды іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, сұранымдарды орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда өтінішке тиісті құжаттар (еңбек кітапшалары, жеке куәлік, актілер және басқалар) және материалдар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

Мұрағатқа тікелей жүгінген кезде өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі немесе сенім білдірілген тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат болуы керек. Құжаттар пакетін қабылдау кезінде мұрағат қызметкері көшірменің шынайылығын түпнұсқасымен салыстырып, түпнұсқасын өтініш берушіге қайтарады.

 

ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

өтініш беруші «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы өтінішті қажетті құжаттар пакетімен бірге:

мұрағатқа тікелей жүгіну арқылы;

мұрағаттың пошталық және электронды мекенжайлары арықылы;

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;

электронды сұраным үлгісін толтыра отырып, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы бере алады (www.e.gov.kz).

 

ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ МЕРЗІМДЕРІ

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі:

мұрағатқа өтініш жасалғанда өтініш берушінің өтініші тіркелген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде;

мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда мұрағат басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады.

 

ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қызметті көрсету нәтижесі өтініш берушіге мұрағаттық анықтамаларды,  қажетті құжаттың мұрағаттық көшірмелерін тегін беру немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жазбаша жауапт қайтару болып табылады.

 

НӘТИЖЕЛЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ

Мұрағаттық анықтама, құжаттың мұрағаттық көшірмесі немесе қызметтерді көрсетуден бастарту жөнінде дәлелді жазбаша жауап жеке қабылдау кезінде өтініш берушіге немесе жазбаша сенімхаты болған кезде басқа да тұлғаларға беріледі, немесе өтініш берушінің пошталық мекенжайына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жолданады.

 

 

ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУДЫҢ  СЕБЕПТЕРІ

Қызметтерді көрсетуден бас тарту төмендегі себептерге:

өтініш берушінің толық құжаттар пакетін ұсынбауына немесе сенімді емес мәліметтері бар құжаттарды ұсынуына;

өтініште сұранымды орындау үшін қажетті  мәліметтердің болмауына байланысты болуы мүмкін.

 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ШАҒЫМДАР

Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қатысты шағымдар болған жағдайда шағым Павлодар облысы мұрағатының директорына немесе мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығына беріледі. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе Павлодар облысының мұрағат директорының немесе мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының жеке қабылдауында қабылданады.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген қызметтердің сапасы бойынша шағымдар осы орталық директорының атына беріледі.

Шағымдар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында белгіленген тәртіп пен мерзімдерде қаралады. Жауап өтініш авторы көрсеткен мекенжайға жолданады.

 

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНЫҢ

ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАНДЫҚ БӨЛІМДЕРІНІҢ

ПОШТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

 

Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты

140000 Павлодар қ., Лермонтов к-сі, 51/1

Тел./факс 8(7182)325598

Электронды пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Ақтоғай бөлімі

140200 Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай к-сі, 72

Тел./факс 8(71841)21144

Электронды пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Баянауыл бөлімі

140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, Бектұров к-сі, 27

Тел./факс 8(71840)91570

Электронды пошта мекенжайы:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Железинка бөлімі

140400 Павлодар облысы, Железинка ауылы, Космонавтар к-сі, 2

Тел./факс 8(71831)22255

Электронды пошта мекенжайы:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Ертіс бөлімі

140500 Павлодар облысы, Ертіс ауылы, Бөгембай к-сі, 97

Тел./факс 8(71832)21016

Электронды пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Качир бөлімі

140600 Павлодар облысы, Тереңкөл ауылы, Гагарин к-сі, 15

Тел./факс 8(71833)21455

Электронды пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Лебяжі бөлімі

140700 Павлодар облысы, Аққу ауылы, Амангелді к-сі, 69

Тел./факс 8(71839)21215

Электронды пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Май бөлімі

140800 Павлодар облысы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би к-сі, 24

Тел./факс 8(71838)91342

Электронды пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Успенка бөлімі

141000 Павлодар облысы, Успенка ауылы, Баюк к-сі, 42

Тел./факс: 8(71834)91498

Электронды пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Шарбақты бөлімі

141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауылы, Ленин к-сі, 33

Тел./факс: 8(71836)21205

Электронды пошта мекенжайы:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНЫҢ

ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАНДЫҚ БӨЛІМДЕРІНІҢ

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

«Мұрағаттық анықтамаларды беру» қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын-ала жазылуынсыз кезек тәртібінде және жеделдетілген қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

«Мұрағаттық анықтамаларды беру» қызметін ұсыну туралы қосымша ақпараттарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (www.mki.gov.kz) және Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының (www.arhiv.pavlodar.gov.kz – Павлодар облысының мұрағат қызметі) сайттарынан алуға болады.