Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді қабылдау және тіркеу бойынша жұмыс тәртібі

Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді қабылдау және тіркеу бойынша жұмыс тәртібі

Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының
әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді
қабылдау және тіркеу бойынша
ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

1. Қалалық мұрағаттың анықтама үстелі дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

2. Кезекші мұрағатшы азаматтардың қабылдауын жүргізеді, олардың өтініштері бойынша кеңес береді, мұрағаттық анықтамаларды (өтініштерге жауапты) беруді жүзеге асырады, сондай-ақ кезекшілік кезінде анықтама үстеліне түсетін барлық телефон қоңырауларына жауап береді.

3. Азаматтарды қабылдау кезек арқылы жүргізіледі.

4. Өтініштерді қабылдаған кезде кезекші сұранымды қабылдау журналында тіркеп, қызмет көрсету карточкасын толтырады.

5. Сұранымды орындаған кезде өтініш білдіруші келесі құжаттардың көшірмелерін қоса беруі тиіс: жеке куәлік немесе төлқұжат, еңбек кітапшасы және т.б.

6. Нотариалдық сипаттағы сұранымдар бойынша өтініш білдірушінің өзі белгіленген үлгі бойынша мұрағат директорының атына өтініш жазады.

7. Сұранымды ресімдегеннен кейін кезекші өтініш білдірушіге кезекшінің аты-жөні, сұранымды қабылдаған күн және анықтама үстелінің телефон нөмірі бар талон беріп, орындау мерзімдері жайлы хабарлайды.

8. Нотариалдық құжаттар бойынша орындалып, дайындалған мұрағаттық көшірмелер анықтама үстеліне шығарылмайды. Олар орындаушының бөлмесінде болады және өтініш білдіруші құжаттарда бар болған жағдайда немесе сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ғана беріледі.

9. Дайын мұрағаттық анықтаманы берген кезде кезекші анықтамаларды беру журналына өтініш білдірушінің аты-жөнін және анықтаманың берілген күнін жазады, өтініш білдіруші қызмет көрсету карточкасына қол қояды; өтініш білдіруші көрсетілген қызметтің сапасына баға береді, қолын және анықтаманы алған күнін қояды.

10. Мұрағаттық көшірмелерді (нотариалдық істерді) берген кезде өтініш білдіруші оларды алғандығы жөнінде қол қояды.

11. Талап етілмеген еңбек кітапшалары өтініш білдірушіде жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда сұраным түскен күні беріледі.

12. Кезекшілік аяқталғаннан кейін келіп түскен барлық өтініштер мұрағат директорына бұрыштама қою үшін тапсырылады.

13. Директор қарап, бұрыштама қойғаннан кейін азаматтардың өтініштері (қорлардың көрсетілуімен) мен аумақтық қатысы бойынша жолданған сұранымдар (профильді емес сұранымдар) журналда тіркеледі. Өтініштер журналда әріптік-сандық тәртіп бойынша тіркеледі.

14. Кейін өтініш туралы барлық мәліметтер «е-әкімдікке» енгізіледі.

15. Сұранымдар орындау үшін қалалық мұрағаттың қызметшілеріне беріледі.

16. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдардың орындалу нәтижелері күн сайын журналдар бойынша тексеріліп, олардың орындалуы туралы ақпарат сол күні мәліметтер базасына («е-әкімдік») енгізіледі. Орындаушыдан журналда сұранымды орындау күні және орындау нәтижесін (оң, теріс, профильді емес) көрсете отырып міндетті түрде қол қою талап етіледі.

17. Мұрағаттың профиліне сай келмейтін сұранымдар 3 күн ішінде аумақтық қатысы бойынша мекемелерге жолданады, ол туралы өтініш білдірушіге де хабарланады.

18. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындау туралы есеп ай сайын облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасына тапсырылады.