Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі, сондай-ақ Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға бiрдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында және Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттері мемлекеттік қызметшілерге айрықша жауапкершілік жүктейді.
Желтоқсан айында ҚР Президенті 2013 жылдың 26 наурызынан бастап күшіне енетін және мемлекеттік қызметін одан әрі жетілдіру жолында мемлекеттік органдар қызметін реттейтін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша жаңа Заңына қол қойды.
Жаңа заңнаманың басты жаңашылдығы – кадрларды іріктеу және жоғарылату кезінде миротократия (сiңiрген еңбегiн мойындаушылық) принципін күшейту болып табылады, басқарушылық «А» корпусын жасау жоспарланды, қызметшілерді басқарудың институттары мен механизмдерін жетілдірілуі көзделген. Сонымен бірге кадрлар қызметінің мәртебесі мен өкілеттілігі арттырылады, тәртіптік және әдептік бақылау шаралары күшейтіледі.
2012 жылдың мамыр айында облыс әкімінің бастамасымен Әкімдік, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Басқармасы, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы «Мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету» ұранымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын айтып кеткен жөн, мақсаты мемлекеттік органдар қызметін одан әрі жетілдіру және мемлекеттік қызмет институттарына деген азаматтардың сеніміні арттыру болып табылады.
Меморандум аясында бұқаралық ақпарат құралдарында 14 түрлі материалдар жарияланды, облыстық теледидарда мемлекеттік қызмет тақырыбына бейнеролик түсірілді, барлық қалалар мен аудандарда «Виртуалды қабылдау» ашылды, «Ең үздік жас мемлекеттік қызметші», «Ең үздік журналист» атақтары бойынша байқаулар өткізілді, Басқарма жанында Жас мемлекеттік қызметшілер кеңесі құрылды, Кеңес қысқа мерзім ішінде маңызды іс-шаралар қатарын ұйымдастыра білген.
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 505 мемлекеттік орган қызмет атқарады, мұнда 4967 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның ішінде барлық мемлекеттік қызметшілердің 61 % – әйелдер, 304-і басшылық қызметінде. Мемлекеттік қызметшілер құрамы 12 ұлтты. Жоғары білімді 4048 қызметші немесе 81.9 пайызға тең. Мемлекеттік қызметіндегі орташа жұмыс өтілі 10,5 жылды құрайды.
Былтырғы жылы ауысу тәртібімен бос әкімшілік лауазымына тағайындау үшін 1470 мемлекеттік қызметшіге келісімдер берілді, 1923 адам қатысқан 416 конкурс өткізілді. Бір орынға арналған конкурс 4,6 адамды құрады. Әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадрлар резервіне 327 үміткер қабылданған, оның ішінде 251 адам жұмысқа орналастырылды.
Меморандумда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсібилігіне арналған шаралар жоспарланған. Сондықтан да Басқарма Аймақтық оқыту орталығымен бірлесіп былтырғы жылы 160 курс ұйымдастырды, мұнда 1449 адам оқудан өтті, оның ішінде 1158-і – біліктілігін арттырды, 291-і қайта даярлау курсынан өтті. Осыдан басқа ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясындағы курстарға 95 адам, орталық мемлекеттік органдарының оқыту орталықтарындағы курстарға – 299 мемлекеттік қызметші жіберілді.
Семинарлар, «Ашық есік күндері» кездесулері, «Дөңгелек үстелдері», брифингтер тек қарым-қатынас орнатуына емес, сондай-ақ тәжірибелік және теориялық білім алуына мүмкіндік туғызады. Жалпы облыс бойынша бұл тәрізді 122 іс-шара өткізілді, соның ішінде теледидарда 35, радиода 18 сөз сөйлеуі жүргізілді, баспа және басқа басылымдарда 136 мақала жазылды.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы қызметшілерді және халыққа қызмет көрсету сапасын басқару жұмысын бағалау болып табылады. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін бағалау әдістемесін түсіндіру семинарлары, ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығын тексеру, анонимдік сауалнама, әлеуметтік сұрастыру және басқа да іс-шаралар өткізілді.
Былтырғы жылы біз бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының орындалуы бойынша 80 мемлекеттік органның жұмысын тексердік. Осы іс-шараларға «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалының, ардагерлер, басқа да үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. Заңнаманың орындалуын талдаудан басқа өкілеттік аясында әлеуметтік сұрастыру арқылы тұрғындардың да пікірі зерттеледі, мұнда сұхбаткерлер қызметте жіберілетін кемшіліктерді және мемлекеттік қызмет алу кезінде кездесетін әкімшілік кедергілерді көрсетеді. Есепті мерзімде Павлодар, Ертіс аудандарында және халыққа қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік сұрастырулар өткізілді. Олардың нәтижелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында әлі де кемшіліктер бар екенін, тұрғындар арасында қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерінің мазмұнын түсіндіру жұмысын әлсіз ұйымдастырылғанын көрсетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік тәртіпті нығайту кезінде әкімшілік кедергілерді төмендету үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Ар-намыс кодексі талаптарының орындалуы үшін мемлекеттік органдардың басшыларына арналған ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.
Былтырғы жылы Тәртіптік кеңестің отырыстарында мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуына қатысты 75 мәселе қарастырылды. Қабылданатын шешімдер мен талқыланатын мәселелерді жария ету үшін әрбір отырыс теледидар, радио және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің міндетті қатысуымен өткізілді.
Облыс әкімдігі, Тәртіптік кеңесі, құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдары өткізген алдын алу және ұйымдастыру жұмысы мемлекеттік қызметшілер мен лауазымдық тұлғалардың арасында кездесетін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының төмендегеніне мүмкіндік туғызды. Егер 2008 жылы Тәртіптік кеңестің ұсынымы бойынша 104 мемлекеттік қызметші мен лауазымдық тұлға жауапкершілікке тартылса, 2009 жылы – 85, 2010 жылы – 73, 2011 жылы – 46, 2012 жылы – 11 адам жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызметшілері жіберетін құқық бұзушылықтары санының төмендегені қуанышты жағдай болғанымен, біз олардың мүлдем жойылғаны үшін қолымыздан келгеннің барлығын істеуіміз тиіс.
Құқық бұзушылықтарды жасау себептерін толық талдау жұмысы былтырғы жылы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасының талаптарын, құрылыс саласындағы жұмысшылар мен мемлекеттік қабылдау комиссияларының міндетті құрамы және міндеттері туралы Ережелерін, жер, тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзушылықтары айқындалғанын көрсетеді. Тап осы мәселелер бойынша ағымдағы жылы ҚР заңнамасының тиісті нормаларын мемлекеттік қызметшілер арасында үйрету мақсатында түсіндірме жұмысын күшейтуі көзделген.
Біз былтырғы жылы 398 өтініш қарастырдық, олар бойынша тиісті шаралар мен шешімдер қабылданды. Басқарма басшылығының жеке қабылдауында 155 азаматтың пікірлері қабылданып тыңдалды, соның ішінде облыстың елді мекендеріне барып, 29 қабылдау ұйымдастырылды. Іс жүзінде әрбір өтініш бойынша мәселелер шешілді немесе түсініктемелер берілді. Және де осы тәжірибе бұдан әрі өз жалғасын табады. Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауды мен, Басқарма бастығы – Тәртіптік кеңес төрағасы Рамазанов Н.А. апта сайын сәрсенбі күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Басқарма бастығының орынбасары Ибрагимов Г.Г. бейсенбі күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісі – Басқарма бастығының орынбасары Аққазенов Қ.Е. жұма күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
Сенім телефондары – 32-38-16; 32-50-31.
Қысқаша айтқанда, өткен 2012 жылдың қорытындысы осындай. Бірақ алдымызда алға басудың жаңа міндеттері, жаңа стратегиясы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
Павлодар облысы бойынша Басқармасының бастығы -
Тәртіптік кеңесінің төрағасы Н. Рамазанов