"Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 99 Қаулысы

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:
Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасы бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 20 қаңтардағы
N 99 қаулысымен
бекiтiлген

 

Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру
қағидасы


Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. Мәтiндегi «Сенiмдi», «сенiмдi» деген сөздер «Сенiмгерлiк», «сенiмгерлiк» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Осы Қағида мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер



1. Осы Қағидада пайдаланылған ұғымдар:
1) Сенiмгерлiк басқару - сенiмгерлiк басқарушының сенiмгерлiк басқаруға арналған шартпен белгiленген өкiлеттiктiң шегiнде мемлекеттiк қызметшiнiң мүддесiнде немесе ол көрсеткен басқа тұлғалардың (пайда табушының) мүддесiнде жүзеге асыратын, оның иелiгiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн өз атынан басқару жөнiндегi қызметi;
2) сенiмгерлiк басқару объектiлерi - осы тұлғаларға заңды түрде тиесiлi ақшадан, сондай-ақ мүлiктiк жалға берiлген өзге де мүлiктен басқа пайдалану кiрiстер алуға әкелетiн, мемлекеттiк қызметшiге меншiк құқығымен тиесiлi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы акциялары, қатысу үлестерi, сондай-ақ өзге де мүлкi;
3) сенiмгерлiк басқарушы - тиiстi шарттың негiзiнде мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшiнiң таңдауы бойынша кез-келген адам.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Мемлекеттiк қызметшi заңдардың талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенiмгерлiк басқарушыға берiлетiн құқықтық күштiң көлемiн айқындайды.
3. Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiмгерлiк басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар.

2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға берудiң негiздемесi мен тәртiбi



4. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмгерлiк басқару:
1) мәмiлелердiң
2) әкiмшiлiк актiнiң негiзiнде пайда болады (құрылады).
5. Мемлекеттiк қызметшi қызметке кiрiскеннен кейiн бiр айдың iшiнде мемлекеттiк қызметтi атқару уақытына осы Қағиданың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға бередi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
6. Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi нотариалды куәландырылған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметiне бередi.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
7. Тараптардың бiреуi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға арналған шартты бұзған жағдайда, мемлекеттiк қызметшi бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бiр ай мерзiмде хабарлайды, ал сенiмгерлiк басқаруға беруге жататын мүлiк шарт бұзылғаннан кейiн бiр ай мерзiмде осы Қағидада белгiленген тәртiппен шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн жұмыс орны бойынша кадр қызметiне берiп, қайтадан сенiмгерлiк басқаруға берiледi.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
8. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға арналған шарт мерзiмiнiң аяқталуы, оның қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасасу туралы одан кейiнгi кез-келген ақпаратты мемлекеттiк қызметшi көрсетiлген оқиғалар орын алғаннан кейiн бiр ай iшiнде жұмыс орны бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметiне ұсынады.
Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты қайтадан жасалған кезде оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi осы Қағидада белгiленген тәртiппен жұмыс орны бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметiне берiледi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3. Мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беретiн мемлекеттiк қызметшi құқықтарының кепiлдiктерi



9. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беруiне қатысты мәлiмет жариялауға жатпайды және мемлекеттiк органдардың қызметтiк ақпаратын құрайды.
Ескерту. 9-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 2000.06.27. N 958 қаулысымен.
10. Осы мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайда болады.

4. Қорытынды ережелер



11. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттың көшiрмесi оның жеке басының iсiнде сақталады.
12. Мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс iстейтiн жерi бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметi ұсынылған құжаттардың сақталуы мен алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Мұндай тұрғыдағы ақпаратқа кiруге мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарларына, орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғасына), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен құқық қорғау органдарына рұқсат етiледi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.25 N 283 Қаулысымен.
13. Мүлiктiң сенiмгерлiк басқаруға берiлгенi туралы ақпарат ұсынбау немесе жалған ақпарат ұсыну тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiздеме болып табылуы мүмкiн.