«Ауданның кәсіпкерік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің үлгілік істер номенклатурасын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсыным
Үлгілік істер номенклатурасы Қазақстан Республикасының толықтырулар мен өзгертулер енгізілген 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-1 «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына, «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер және анықтаулар» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына (ҚР СТ 1037-2011), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың типтік қағидаларына сәйкес әзірленді.