Здравоохранение Павлодарского Прииртышья в документах. Сборник документов. 1892-2002. / Құраст. Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. – Павлодар: Павлодар облысының мұрағаттар департаменті, 2002. – 36,7 шартты б.п., 632 б. (орыс тілінде)
Павлодар Ертіс өңіріндегі денсаулық сақтау ісінің жағдайын сипаттайды: ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында медициналық мекемелер желісінің дамуы, тырысқақ, қызамық эпидемияларымен, туберкулез, дизентерия, дифтерит, қызылша, шешек, трахома және т.б. аурулармен күрес, ХХ ғасырдың 20-жылдары ақысыз сақтандыру медицинасының құрылуы, күнкөріс деңгейі жоғары тұрғындар үшін ақылы емдеуді енгізу, қызыл әскер жауынгерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін, соғыс мүгедектері мен кедейлер үшін тегін емдеуді сақтап қалу, жартылай көшпелі фельдшерлік бөлімдерін құру арқылы қазақ халқына медициналық көмек көрсету; көшпелі медициналық көмек көрсетуді, шешекке қарсы егуді, тазалық апталықтарын өткізуді, безгекке қарсы іс-шараларды, балалар үйлерінің санитарлық жағдайы мен олардың тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; Ұлы Отан соғысы жылдары эвакогоспитальдарды, эвакуацияланған балалар үйлерін жабдықтау, эвакуацияланған тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; жаппай ауылшаруашылық жұмыстары кезеңінде ауыл тұрғындары мен облыстың өндірістік кәсіпорындарының жұмыскерлеріне, отарлы мал шаруашылығы учаскелеріне медициналық қызмет көрсету; оториноларингологияның қалыптасуы, тұрғындарға онкологиялық, психоневрологиялық, травмотологиялық-ортопедиялық, урологиялық, рентген-радиологиялық көмектің қалыптасуы, терапевттік, хирургиялық, стоматологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, қан қызметінің, дәріхана ісінің жағдайы, глаукомамен, алкоголизммен, нашақорлықпен, венерологиялық аурулармен, ЖИТСпен күрес, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тың жерлерінің жас қоныстанушыларына, студенттік құрылыс отрядтары жауынгерлеріне медициналық көмек көрсету; денсаулық сақтау жүйесін реформалау, ақылы медициналық қызмет көрсетуді енгізу, ғасырдың 90-жылдары Міндетті медициналық сақтандыру қорының құрылуы. Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталатын 14 қордан алынған 1892-2002 жылдардағы 280 құжат жарияланды. Құжаттардың көбі алғаш рет жарияланып отыр. Сонымен бірге басылымға фотоқұжаттар да енді.