Из истории Русской Православной Церкви в Павлодарском При-иртышье

Из истории Русской Православной Церкви в Павлодарском Прииртышье. 1919-1990. Сборник документов. / Құраст. Игумен Иосиф (Ерёменко), дін ілімдерінің кандидаты, В.Д. Болтина, Л.В. Шевелёва – Павлодар: Павлодар облысының мұрағаттар басқармасы, 1999. – 18,1 шартты б.п., 311 б. (орыс тілінде)

Павлодар Ертіс өңіріндегі Орыс Православиелік Шіркеуінің тарихы бойынша құжаттарды жариялаудағы алғашқы қадам болып табылады. Мемлекеттік органдардың ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында шіркеуге қатысты саясаты туралы, оның мемлекет пен мектептен бөлінуі, шіркеулер мен дұға оқу үйлерінің мәдениет мекемелеріне, мектептер мен контораларға берілуі, шіркеулер мен дұға оқу үйлерінің жаппай жабылуы, шіркеу қоңырауларының алынып тасталуы, құрылған колхоздар үшін шіркеу мүлкінің сатылуы, Орыс провославиелік шіркеуінің жаңарып бөлінуі, және бұл үдеріске Орыс провославиелік шіркеуінің шынайы жанашырларының қарсы тұруы; діни қауымдастықтардың ұйымдастырылуы, 1943-1953 жылдардағы діни қайта жаңғыру кезеңінде Павлодар облысында шіркеулердің ашылуы; ғибадатханалардың, монастырьлардың жабылуы, дінге қарсы насихаттар жүргізу, діндарларға көрсетілген зорлық-зомбылық, қайырымдылық шараларына тыйым салу және т.б. сияқты іс-шаралар арқылы ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғында көрініс алған партия аппараты мен мемлекет тарапынан Шіркеуге қатысты саясаттың қатаюы сияқты мәліметтер жинақталған.