Азалы кітап

Книга скорби. Расстрельные списки. Выпуск 1. – Азалы кітап. Атылғандардың тізімдері. 1-шығарылымы. / құраст. В.Д. Болтина, Л.В. Шевелева. – Павлодар; Павлодар облысының мұрағаттар басқармасы, 1999. – 30, 5 шартты баспа п., 28 б. (қазақ және орыс тілдерінде).

ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Павлодар облысында саяси айыптаулар бойынша репрессияланған және атылған тұлғалардың тізімдері жарияланған. Басылымға туған жері мен күні, ұлты, мамандығы, жұмыс орны немесе тұтқындау кезінде айналысқан ісі сияқтя қысқаша биографиялық мәліметтері бар барлығы 810 есім енгізілді; тұтқындалған күні, ең жоғарғы жазаны қолдану туралы үкім шығарған сот немесе сот емес органның атауы, үкім шыққан күн, атылған күні, жазықсыз атылғандарды реабилитировавший ақтап шығарған құжат пен органның атауы мен күні енгізілді. Кітап Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің ведомстволық мұрағатында сақталатын тергеу істерінің негізінде әзірленген. Кітапта жарияланған фотосуреттер негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің ведомстволық мұрағатынан, бір бөлігі Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының қорларынан алынса, ал жекелеген фотосуреттерді басылымға мәліметтер енгізілген азаматтардың туған-туысқандары ұсынды.