Павлодарская область: страницы истории

Павлодарская область: страницы истории. Сборник документов. 1938-2003 гг. / Құраст. Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. – Павлодар: Павлодар облысының мұрағаттар департаменті, 2003. – 41,7 шартты б.п., 717 б. (орыс тілінде)

Павлодар облысының құрылған уақыттан 2003 жылға дейінгі тарихы бойынша құжаттар ұсынылған. Павлодар облысының құрылу және қалыптасу, экономиканың, ғылымның, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің дамуы мәселелері көрініс тапты. Құжаттардың көп бөлігі фашистік Германия жеңу ісіне зор үлес қосқан Павлодар облысының тұрғындары үшін қатаң сынақ болған 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіне жатады. Сонымен қатар тың және тыңайған жерлерді игеру туралы бірқатар құжаттар бар. Жинақта 34 қордан, негізінен Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатынан, сондай-ақ Ресей Федерациясның мемлекеттік мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Лебяжі, Павлодар, Успен және Шарбақты филиалдарынан алынған 1938-2003 жылдардағы 349 құжат жарияланған. Құжаттардың көбі алғаш рет жарияланып отыр. Жинаққа авторлары Д.П. Багаев, А.В. Пархоменко болып табылатын фотоқұжаттар да енді.