«Павлодар облысы: жаңа тарих беттері. 1991-2012» - «Павлодарская область: страницы новейшей истории. 1991-2012/ Құраст. Акимханов (жауапты орындаушы), Белова В.А., Мақажанова Қ.Ғ., Маркунене Н.В., Покидаева Т.Е. – Павлодар: ЭКО, 2012. – 99,8 шартты б.п., 575 б. (қазақ және орыс тілдерінде).
Басылымда егеменді мемлекеттің қалыптасуы, нарықтық экономика кезеңінен өту, ұлттық және рухани дәстүрлердің қайта жаңғыруы және т.б. сияқты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңіндегі Павлодар облысы тарихынан алынған оқиғалар мен фактілер туралы ақпарат берілген. Кітапта қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін қатар орналастырыла отырып жазылған және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының, Қазақстан Республикасы Кинофотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар орталық мемлекеттік мұрағатының, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының құжаттарының негізінде, сондай-ақ мерзімді баспасөз материалдары мен өлкетанушылық әдебиет, облыстың департаменттері, басқармалары, кәсіпорындары мен ұйымдары ұсынған материалдар пайдаланылды. Басылымға негізінен В. Бугаевтың, Вл№ Бугаевтың, Н. Кузнецовтың, К. Макибековтың, К. Нуркеновтың, А. Пархоменконың, Ж. Сейтеновтың, А. Чирковтың, А. Шардың және т.б. 1493 фотосурет енгізілді. Жарияланған фотоқұжаттардың бір бөлігінің авторларын анықтау мүмкін болмады.