Павлодарцы в годы Великой Отечественной. 1941-1945. Сборник документов. / Құраст. Болтина В.Д., Маркунене Н.В., Покидаева Т.Е., Шевелёва Л.В. – Павлодар: Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы, 2005. – 43, 5 шартты б.п., 748 б. (орыс тілінде)
Павлодарлықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы шайқастарға қатысуы мен олардың жанкешті ержүректілігі туралы баяндайды, Қызыл Әскер жауынгерлерінің, командирлері мен саяси қызметкерлерінің Павлодар облысының еңбекшілеріне және облыс еңбекшілерінің майданға жазған хаттары енген. Жинақта негізгі орынды облыс өмірінің әскери жағдайға бейімделуі, оның қорғаныс мүддесіне бағынуы, облыста эвакогоспитальдерді, майданға жақын жерлерден көшірілген тұрғындарды, балалар үйлерін орналастыру, Украина, Поволжье, Солтүстік Кавказдан күштеп көшірілген адамдарды қабылдап, орналастыру туралы баяндайтын құжаттар алып отыр. Құжаттар жинағында эвакуацияланған өндірістік кәсіпорындарды орналастыру және олардың жұмысы туралы, облыста жаңа өндірістердің пайда болуы, майдан мен тылды нанмен және басқа да азық-түлік түрлерімен жде ауылшаруашылық шикізатымен қамтамасыз етутуралы фактілер көрініс тапқан. Құжаттардың көп бөлігі Ұлы Отан соғысы жылдары көлік және байланыс, қоғамдық тамақтану және азық дайындау, халықтық білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорттың жағдайы мен дамуы туралы баяндайды. Жинақта сондай-ақ Павлодар облысы тұрғындарының Қызыл Әскерге, майданға аттанған жауынгерлердің отбасыларына, КСРО-ның гитлершіл басқыншылардан азат етілген аудандарына көрсеткен түрлі көмектері туралы баяндалады. Жинақта 42 қордан, негізінен Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Успен бөлімінен, В.Т. Сорокиннің жеке мұрағатынан алынған 411 құжат жарияланған. Жинаққа енген құжаттардың көбі алғаш рет жарияланып отыр. Басылымға фотоқұжаттар да енді.