Хроника целины: Павлодарская область

Хроника целины: Павлодарская область. 1953-1964 годы. / Құраст. Болтина В.Д., Маркунене Н.В., Покидаева Т.Е., Шевелёва Л.В. – Павлодар: Павлодар облысының мұрағаттар департаменті, 2004. – 28,4 шартты б.п., 488 б. (орыс тілінде)

Павлодар облысы өз тарихының аса бір қиын кезеңінде – тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде көрсетіледі. Хроникада Павлодар облысына көптеген ауылшаруашылығы мамандарының, комсомолдардың, бүкіл Кеңес Одағының түпкір түпкірінен жастардың келуі, оларды қабылдау, орналастыру, жұмысымен байланысты оқиғалар көрініс тапты. Павлодар облысында жаңа жерлерді игеру, егістік жерлерінің құрылымын өзгерту, ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлерді су басуы, өнімді жинап, мемлекетке өткізу, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығы, астық совхоздарын құру, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту, мал басын көбейту, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, жаңа мал шаруашылығы совхоздарын салу, мықты азықтық базаларын кұру туралы баяндалады. Хроникада Павлодар облысының әлеуметтік-мәдени өміріне қатысты оқиғалар орын алған: көптеген ауылдық елді мекендерде тұрғын үйлерді, мектептерді, клубтарды, медициналық мекемелерді салу, елді мекендерді, колхоздарды, совхоздарды, дала стандарын электрмен және радиомен жабдықтау, көркемөнердің дамуы, спорттың жандануы және т.б. орын алған. Хрониканы дайындау барысында Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты мен Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Павлодар филиалында сақталатын 26 мұрағаттық қордың құжаттары қолданылды. Павлодар облысында тың игеру тарихын көрсету мақсатында «Казахстанская правда», «Ленинская смена», «Павлодарская правда», «Правда», «Целинный край» газеттері сияқты мерзімді баспасөз және КСРО және Казақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ведомостері пайдаланылды. «Хроники...» мақалаларында мұрағат құжаттарына сілтемелер бар.