Павлодар облысының хронографы. 1938-2008

Павлодар облысының хронографы. 1938-2008. Хронограф Павлодарской области. 1938-2008./Құраст. Болтина В.Д. (жауапты құрастырушы), Белова В.А., Бобрешова О.В., Мақажанова Қ.Ғ., Маркунене Н.В., Покидаева Т.Е., Стрелецкая Т.Р., Сүлейменова С.Б., Шевелёва Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2008. – 92,5 шартты б.п., 544 б. (қазақ және орыс тілдерінде).

Кітапта облыстың құрылуы мен қалыптасу кезеңі, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі ауыр жылдар, тыңның игеруі мен қарқынды индустриалды құрылыстың жүруі, Кеңес Одағының дағдарысы мен ыдырауы, Қазақстанның егеменді ел болуы сияқты 1938-2008 жылдар аралығында Павлодар облысының тарихында орын алған оқиғалар мен фактілер қазақ және орыс тілдерінде хронологиялық тәртіппен берілген.Хронограф Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатында сақталатын құжаттардың, мерзімді баспасөз материалдары мен өлкетанушылық әдебиеттердің негізінде әзірленген. Басылым суреттермен иллюстрацияланған, оған 1700-ден астам иллюстрация (фотосуреттер, құжаттар мен заттардың суреттері) енген.