Экибастуз в документах

Экибастуз в документах. 1957-2006 годы. / Құраст. Болтина В.Д., Маркунене Н.В., Покидаева Т.Е., Шевелёва Л.В. – Павлодар: Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы, 2007. – 82,8 шартты б.п., 1028 б. (орыс тілінде)

Құжаттар жинағы Екібастұз қаласының 50 жылдық мерейтойына орай шығарылған. Жарияланған құжаттарда Екібастұз қаласы мен оның ауылдық зонасының экономикалық және әлеуметтік-мәдени өмірінің негізгі даму кезеңдері, соның ішінде қала құрылысы, сауда, тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсетуді, спортты, білім беру жүйесін дамыту мен балаларды, жасөспірімдер мен жеткіншектерді тәрбиелеу, жұмыс істейтін жастарды оқыту мәселелері туралы мәліметтер бар. Жинақта көмір өндіруші, энергетика кәсіпорындарын ұйымдастыру және олардың қызметі, Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы болып жарияланған Екібастұз отын-энергетика кешенінің құрылуы, сондай-ақ бүкіл елдің жастарының Екібастұз қаласының құрылысына белсенді түрде қатысуы, Екібастұз көмір разрездері мен ГРЭМ сияқты оның әр жылдары Бүкілодақтық және Республикалық екпінді комсомол құрылыстарының қатарына жатқызылған өнеркәсіптік кәсіпорындарын тұрғызу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Жариялымға Кеңес Одағы Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, Екібастұз қаласы мен Екібастұз ауданының Құрметті азаматтары мен басшылары, үш дәпежелі «Шахтерская слава» белгісімен марапатталған еңбекшілер туралы баяндалады. Жинаққа Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты мен оның Екібастұз бөлімінен, Екібастұз қалалық мәслихаты мен Екібастұз қаласы әкімі аппаратының ағымдағы мұрағаттарынан айқындалған құжаттар енгізілген. Барлығы жариялымға 24 қордың 446 мұрағаттық құжаты мен 275 фотоқұжат енді.