Яков Геринг: «Вся моя жизнь для людей». / Құраст. Болтина В.Д., Маркунене Н.В., Покидаева Т.Е., Шевелёва Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2007. – 52,5 шартты б.п., 653 б. – (Имена, вошедшие в историю) (орыс тілінде)
Жариялым ширек ғасыр бойы, 1959 жылдан 1984 жылға дейін Павлодар облысы Успен ауданының «Құрмет Белгісі» орденінің иегері «Қазақ КСР-не 30 жыл» асыл тұқымды шаруашылық колхозын басқарған Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Яков Германович Геринг туралы баяндайды. Бұл жылдары колхоз жетістіктерін бүкіл ел мақтан еткен көпсалалы шаруашылыққа айналды. Шаруашылық жетістіктері көп жағдайда оның басшысының жеке қасиеттеріне: ерекше ұйымдастырушылық қасиеттері бар тамаша адам, еңбекқор, дарынды ғалым, байланысты болды. басылымға Я. Герингтің биографиялық очерктері, ғылыми еңбектері, мақалалары мен баяндамалары, сондай-ақ оны білген және бірге жұмыс істеген адамдардың естеліктері, ол туралы мақалалар, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері «Қазақ КСР-не 30 жыл» асыл тұқымды шаруашылық колхозын көрген қонақтардың айтқандары енген. Кітап Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатында және оның Успен бөлімінде сақталатын 14 қор құжаттарының, соның ішінде Я.Г. Герингтің жеке қорының құжаттарының негізінде жазылды. Сонымен бірге дереккөз ретінде «Успен ауданы Константиновка ауылының тарихи-өлкетану мұражайы» ММ ұсынғанқұжаттар, ертеректе шыққан Я.Г. Герингтің өзі жазған кітаптары және ол туралы жазылған кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды. Кітаптың мазмұнын 121 фотоқұжат толықтырады. Басылым Павлодар Ертіс өңірінің атақты адамдарына арналған «Тарихқа енген есімдер» сериясын ашады.