Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы М.З. Байзельдинова «Память о прошлом - 2020» IX тарихи-архивтік форумы қатысушылары облыстық мемлекеттік архиві басшысының орынбасары К.Г. Макажановаға және облыстық мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубикке сертификаттар табыс етті.
Павлодар облыстық телевизиясының 55-жылдығына орай облыстық телевизиясының құрылуына, шығармашылық өсуіне, кәсіби дамуына арналған телебағдарламалар дайындалуына үлесін қосқан үшін, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің архивисті Күляш Оразымбетқызы Есимхановаға «ERTIS» телеарнасының алғыс хаты табыс етілді.
2020 жылғы қазан айында Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Память о прошлом – 2020» атты IX тарихи – архив форумы өтті. Коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты қалыптасқан жағдайға сәйкес аталмыш шара сырттай өткізілді.
2020 жылғы 8 қазанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың қатысуымен жергілікті зиялы қауым өкілдері және тіл жанашырларымен кездесу өтті.
2020 жылғы 1 қазанда Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің № 110 санында Павлодар облысы мемлекеттік архивінің археографы Х.Х. Әкміханов пен еңбек ардагері Б. Ислямнің мақаласы жарық көрді.
Облыстық, қалалық және аудандық архивтердің қызметкерлері үш томдық «Жеңімпаздар-Победители» кітабының екінші басылымын әзірлеп, мәдениет пен білім берудің кітапхана жүйелеріне берді.
2020 жылғы 8 қыркүйекте Павлодар облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қ.Ғ.Мақажанова Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі «Архив айнасы» парақшасында «Павлодар облысының денсаулық сақтау саласы тарихынан» тақырыбы бойынша ақпарат берді.
Павлодар облысының дамуына қосқан үлесі үшін, облыс архив қызметінің 95 жылдығы қарсаңында облыс мемлекеттік архивінің маманы Әкімханов Халел Хайроллаұлы «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградталды.
2020 жылғы 30 шілдеде Павлодар облысының мемлекеттік архив қызметіне 95 жыл толды. 2020 жылғы 4 тамыздағы «Ирбис» телеарнасындағы «Айтарым бар» бағдармасы осы датаға орай шықты.