Ағымдағы жылдың 13 наурызында Павлодар облысының мемлекеттік архивінде «Фактор» жүйелік зерттеу компаниясы өкілдерімен архивистердің іскерлік кездесуі болып өтті. Облыс мемлекеттік архивінің қызметкерлеріне «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша оқыту курсынан өткендігі туралы сертификаттар берілді.
2018 жылғы 9 қарашада Павлодар облысының мемлекеттік архивінде облыс мемлекеттік архиві бөлімдері және аумақтық бөлімдері басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.
«Екібастұз қаласының мемлекеттік архиві»ММ-де «Халық банк» АҚ қызметкерлерімен «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы кездесу өткізілді.
2018 жылғы 10 қазанда Павлодар қаласында Павлодар облысының мемлекеттік архиві базасында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Рухани жаңғыру: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының архив саласында жүзеге асырылуы» атты республикалық әдістемелік семинар өткізді.
«Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің қызметкерлері 2018 жылғы 12 қазанда «Challenge Promenade» таңғы жаттығуына қатысты.
Павлодар облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі қолданысқа енгізілгендігін хабарлайды.
2018 жылдың 15 қаңтарында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысының 80 жылдығына арнап, Павлодар облысының мемлекеттік архиві дайындаған «Павлодар облысына – 80 жыл. Павлодарской области – 80 лет» фотоқұжаттық көрме мен облыстық кітапхана дайындаған «Павлодар Ертіс өңірінің шежіресі» атты кітап көрмесінің тұсаукесері болып өтті.