
«Сарыарқа самалы» газетіне арналған мақала
Ер есімі ел есінде
Милевский Максим Иванович – Павлодар облысы Лозов ауданы (қазіргі – Успен ауданы) Павловка селосында кедей шаруалар – Милевский Иван Ефимович пен Милевская Татьяна Борисовнаның отбасында дүниеге келген. Ұлты – украин. Қазан революциясына дейін Милевскийлер отбасы егін шаруашылығымен айналысты, ал 1929 жылы «Буденный» атындағы ұжымшарға мүше болып енді. 1930 жылдан 1941 жылға Максим Милевский Павловка орта мектебінде оқуға түсіп, 1941 жылы 8 сыныпта отбасының нашар тұрмыстық жағдайына байланысты оқуды тастап кетуге мәжбүр болады. Ал өзі «Буденный» атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастады.
1942 жылдың ақпан айында он тоғыз жастағы Максим Милевскийді Лозов аудандық әскери комиссариаты Қызыл Армия қатарына шақырып, Чуваш АКСР-ның Чебоксары қаласындағы кіші командирлер мектебіне жібереді. Кіші командирлер мектебін тамамдағаннан кейін, ол өз еркімен майданға аттандыру туралы рапорт жазып, соғыс қимылдарына 1942 жылдың желтоқсан айынан бастап Сталинград майданы, 1943 жылдың наурыз айынан бастап Оңтүстік майданы, 1943 жылдың тамыз айынан бастап 4-ші Украин майданы, 1944 жылдың шілдесінен бастап 1-ші Прибалтика майданы, 1944 жылдың желтоқсан айынан бастап 3-ші Белорус майданы құрамында араласқан.
Даңқ орденінің толық кавалері Рубаев Сапар жайында мәлімет өте аз. Тек оның Павлодар қаласында 1919 жылы туғаны белгілі. Ол 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Сонда полк мектебін оқып, бітірген. Майданға 1941жылдың маусымда аттанады. Ол 232–ші танкке қарсы жеке жоюшылар дивизионының 76 мм-лік зеңбірегінің командирі болады.
Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия» атты фотоқұжаттық көрме дайындады. Ол 2015 жылғы 14 қаңтар күні Павлодар қаласының Достық үйінде «Отан қорғау жолындағы батыр» («Герой на защите Отечества») атты салтанатты іс-шарада көрсетілді.
Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Даңқы өшпес ерлікке мәңгі құрмет. Дорогой славы и бессмертия» атты фотоқұжаттық көрме дайындады. Ол 2015 жылғы 14 қаңтар күні Павлодар қаласының Достық үйінде «Отан қорғау жолындағы батыр» («Герой на защите Отечества») атты салтанатты іс-шарада көрсетіледі.
|
Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты 2014 жылғы 31 қазанда «Павлодар облысы мемлекеттік мекемелерінің ведомстволық мұрағаттарында мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері» атты семинар-кеңес өткізді. Семинарға облыстық басқармалардың, Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жүйесіндегі мекемелердің өкілдері шақырылды. |
Жыл өткен сайын Отан үшін ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Соғыстың сипаты- Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсізсоғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 1941-1945 жылдар ішінде әскер қатарына облыстан 40486 адам жөнелтілген.
2014 жылғы 5 қыркүйекте Аққу ауылында Лебяжі ауданының құрылғанына 75 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара болып өтті.
Аудандық Мәдениет үйінің фойесінде ауданның мерейтойына арнап Павлодар облысы меммұрағаты Лебяжі бөлімінің қызметкерлері «Туған жерім – сен қымбатсың басқадан» атты фотоқұжаттық көрмені көпшіліктің назарына ұсынды.
Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке бірлік, татулық пен бақыт ала келсін.
Сіздерге берекелі ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, еліміз гүлденіп, көркейе берсін!
Ұлыс оң болып, әрбір күн көктемнің шырайлы күніндей шуақты болсын!
Ізгі тілектермен, Павлодар облысының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама
басқармасы