2014 жылғы 23 ақпанда «Достық» концерттік залында Павлодар облысының шешен-ингуш диаспорасы өкілдерінің Солтүстік Кавказ халықтарын Қазақстан мен Қырғызстан аумағына депортациялаудың 70 жылдығына арналған кездесуі өтті. Концерттік залдың фойесінде «Дәуір қасіреті.Печальной памяти Указ…» тақырыбындағы фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде жұртшылық назарына 1944 жылы шешен және ингуш халықтарының Павлодар облысының аумағына депортациялануы, оларды орналастыру, олардың облыс өнеркәсіптік өндірістеріндегі, совхоздар мен колхоздардағы еңбек жолдары, отандарына қайта оралуы және т.б. туралы сыр шертетін Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты мен Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының қорларында сақталған құжаттар ұсынылды.
2014 жылдың 6 ақпанында Әскери Данқ музейінде интернационалист жауынгерлердің Ы.Алтынсарыин атындағы мектеп оқушыларымен. № 19 мектеп оқушыларымен, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуына 25 жыл толуына арналды. Кездесуге қатысушылардың назарына Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты дайындаған «Дәуір бізді таңдады... Время выбрало нас...» фотоқұжаттық көрме ұсынылды.
2013 жылғы 19 желтоқсанда «Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ бас маманы Дәулетбаева Х.Д., «Павлодар облысының мемилекеттік мұрағаты» ММ директоры Мақажанова Қ.Ғ., «Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ директоры Темірханов Т.Т., «Ақсу қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ мұрағатшысы Жилетбетова Ү.Р. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 15 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013)» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұжымы мен облыс мұрағатшылары басқарма басшысы Халел Хайроллаұлы Әкімхановты «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды.
Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы
келесі мұрағатшыларды алған марапаттарымен шын жүректен құттықтайды:
«Облыс алдындағы ерен еңбегі үшін» белгісімен марапатталған

Надежда Васильевна Маркуненені
Лидия Ивановна Сагайдачнаяны
Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған
Валентина Анатольевна Белованы
Татьяна Владимировна Гусарованы
Бибіжан Еркебайқызы Узканованы
Гүлнәр Қанапияқызы Игембаеваны
Майя Маратқызы Магалованы
Құрметті әріптестер мен сайт қонақтары!
Сіздерді еліміздің жаңа тарихына арқау болған бүкілхалықтық ұлы мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің жарқын болашағы жолындағы тынымсыз еңбектеріңізге сәттілік, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, отбасыларыңызға бақыт, өздеріңізге мықты денсаулық тілеймін!
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!

2013 жылғы 12-18 желтоқсан аралығында Достық Үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік, Бейбітшілік және Тұрақтылық. Независимость, Мир и Стабильность» тақырыбындағы фотоқұжаттық көрме өтетін болады.
Көрме Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының, Қазақстан Республикасы Кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазбалар орталық мемлекеттік мұрағатының, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының құжаттары бойынша дайындалған.
Фотоқұжаттық көрмені Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихын көрсету мақсатында ұйымдастырған. Қысқа мерзім ішінде әлемдік қауымдастық Қазақстанды бейбітсүйгіш саясат жүргізетін мемлекет ретінде мойындады. Ол мемлекеттік символдарын орнатты, ұлттық валютасын енгізіп, мемлекеттік тілін анықтады. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы кезеңінде өтпелі кезеңді өткерген экономика қалпына келтірілді, мемлекет нарықтық қатынастарға көшіп, әлеуметтік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау сияқты әртүрлі салаларда да елеулі өзгерістер орын алды. Көрме жастардың бойында патриоттық сезімдерді нығайтуға, мақтаныш пен тәуелсіз мемлекеттің құрылуына қатыстылық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.
2013 жылғы 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Елдің тұңғыш Президенті. Басты миссия – халыққа қызмет ету. Первый Президент страны. Миссия – служение народу»атты фотоқұжаттамалық көрме өтті.
Көрмеге 1989-2013 жылдардан сыр шертетін 128 экспонат қойылды.
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының қалыптасуы кезеңіндегі Президенттің жеке рөлін көрнекті түрде көрсету мақсатында бұл фотоқұжаттамалық көрмені Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырды. Қазақстан азғантай ғана уақыт ішінде әлем мойындаған бейбітшілік саясатын жүзеге асырушы ел ретінде танылып үлгерді. Ол мемлекеттік рәміздерін жасаған, ұлттық валютасын енгізген, мемлекеттік тілін анықтаған жас мемлекет. Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру жолында қиын-қыстау кезеңді бастан кешкен экономика тұрақтанды, нарықтық қатынасқа көшу жүзеге асырылды, адам тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында да: әлеуметтік, мәдениет, білім беру, денсаулықты сақтауда айтарлықтай өзгерістер орын алды. Көрме облыстағы әртүрлі салалардың алға басуына елдің Тұңғыш Президентінің қосқан үлесін ұғынуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ол патриотизмді нығайтуға, мақтаныш сезімін қалыптастыруға және жас өскелең ұрпақтың тәуелсіз мемлекетті құруға араласуына бағытталды.
2013 жылғы 29 қарашада Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасында басқарма Алқасының отырысы өтіп, онда мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі мәселе; облыстық мемлекеттік мұрағаттар басшыларының 2013 жылғы бюджетті орындау бойынша есептері; 2013 жылы бақылауда болған құжаттардың орындалуы туралы ақпарат және 2014 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні, мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолына алғаннан бері халық сенімінен шыға білді. Қазір Қазақстан төрткүл әлемге танымал. Еліміз жыл сайын биік асуларды бағындырып келеді. Ел қуаныштарында, ел жетістіктерінде Елбасының үлесі ерекше. Олай болса, Тұңғыш Президентімізді ардақтау, мақтаныш ету – халықтық, елдік құрмет.
Осы мерекемен құттықтай отыра, Сіздерге мықты денсаулық, Еліміздің гүлденіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс, зор жетістіктер, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!