2017 жылғы 30 мамыр күні сағат 11.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінің үлкен залында «Ешқашанда ұмытылмақ емес. Забвению не подлежит» атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы және Павлодар облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференцияға облыс мемлекеттік архивінің басшысы Х.Әкімханов, облыс мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Қ. мақажанова, облыс мемлекеттік архиві бөлімінің басшысы Н. Кубик, Павлодар облыстық көркемсірет музейінің директоры А.Нұрғамысова, Павел Васильев музейінің директоры З. Мерц қатысты.
2017 жылғы 21 сәуірде Алматы қаласында «Салтанат» мейманхананың конференц-залында «Тарихтағы адам: 1920-шы – 1950-ші жж. дерекөздеріндегі Қазақстанның инженерлік-техникалық зиялы қауымы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны «TENGRI NEWS» Қазақстан жаңалықтар порталының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен, «ӘДІЛЕТ» Қазақстан тарихы-ағарту қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұйымдастырды.
«Үлкен террордың» басталуының 80 жылдығында конференция тақырыбы өзгеше өзекті болып естілді, баяндамалар мен хабарламалардың желісінен өздерінің қатарластары үшін ғана емес, өскелең ұрпақ үшін де еңбектегі ерліктің және өмірдегі табандылықтың үлгісі болып табылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қажет екендігі туралы ой елең етті. Іс-шараны ұйымдастырушылар бұл тақырыпқа Қазақстан халқының жасампаз қызметінде ғылым мен техника тарихының, инженерлік-техникалық және ғылыми интеллигенция рөлінің соңғы он жылда зерттеу мекемелерінің назарынан тыс қалып бара жатқандығына тоқталды.
Конференцияға Астана, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Лисаковск, Павлодар, Өскемен, Саратов (Ресей), Самара (Ресей), Санкт-Петербург (Ресей) қалаларының жоғары оқу орындарынан, архивтерден, зерттеу орталықтарынан отызға жуық баяндама мен хабарлама ұсынылды. Баяндамалар мен хабарламалар авторларының арасында үш ғылым докторы, жеті ғылым кандидаты, сондай-ақ магистранттар мен зерттеуді жаңа бастағандар бар.
Конференцияда, белсенді қоғам және саяси қайраткер ретінде Қазақстан тарихында өзінің ізін қалдырған білімі инженер М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі, Алматы қаласындағы архивтік және музейлік топтамалардағы әскери инженер А.П. Зенковтің мұрасы туралы, Карлаг жағдайындағы бірқатар ғалым мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің малдың жергілікті тұқымын жақсарту, көмір бассейнін игеру және т.б. қызметтері туралы баяндамалар жасалды және хабарламалар болды.
Павлодар облысы атынан конференцияға Павлодар облысының мемлекеттік архиві ғылыми-ақпараттық қызмет бөлімінің басшысы Н.А. Кубик қатысты. Н.А. Кубик «Инженеры Ю.Г. Венске и В.Н. Иванов-Ухтомский на Павлодарском судоремонтном заводе»атты баяндама жасады.
Сұрапыл саяси қуғын-сүргін тамаша дарын иелері, инженер-құрастырушы, кеме жасаушы Ю.Г. Венске мен В.Н. Иванов-Ухтомскийдің тағдырын күл-талқан етті. Нәтижесінде өмірдің сергелдеңі Павлодардың сол кездегі маңызды өнеркәсіптік кәсіпорыны – кеме жөндеу заводында екі таланттың басын қосты. Кәсіби білікті, кеңестік маңыздағы кеме жөндеу заводтары мен верфьтердегі мол жұмыс тәжірибесіне ие бұл екі маман заводтың одан әрі өнімді жұмыс жасауына мүмкіндік беретін бірталай рационализаторлық ұсыныстар енгізді.
Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпірін жасауға, жүк көтергіштігі 20 тонна болатын Павлодарда алғашқы өздігінен жүретін паромды, өзен флотында алғашқы тросжинаушыны, алғашқы тельфер кранын құрастыру мен жасауға, Ертіс жиегін нығайтуға қатысу сияқты Ю.Г. Венскенің ірі жұмыстары мен талантты инженердің басқа да өнертуындылары мен әзірлемелері, сондай-ақ тағы бір талантты инженер В.Н. Иванов-Ухтомскийдің оларға жасаған сараптау қорытындылары Ертіс өзенінде кеме қатынасының одан әрі дамуына ерекше үлес қосты.
Ұйымдастырушылардың және ҚР ҒТҚ ОМА архивисі Елена Михайловна Грибанованың арқасында конференция қызықты, мазмұнды және маңызды болды. Конференция соңында оған қатысушылар аталған тақырыптың маңыздылығын айтып, зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ниетті екендерін айтты. Конференция аяқталғаннан кейін ҚР ҒТҚ ОМА директоры Гүләйхан Саматқызы Сәрсенованың шақыруы бойынша ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ғимаратында болдым, оның қызметкерлерімен таныстым. Олар өз кезегінде кішпейілдік танытып, ғылыми-анықтамалық аппарат жасау, құжаттарды сақтауды ұйымдастыру, жеке қорлар иелерімен жұмыс жасау және т.б. баға жетпес тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияны ұйымдасытрушыларға шақырғандары, жылы қабылдағандары мен адами көзқарастары үшін өз атымнан, тағыда алғысымды айтамын.
Облыс мемлекеттік архивінің
бөлім басшысы Н.А. Кубик
2017 жылғы 28 сәуір күні С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхананың фойесінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына, республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына және облыстық ардагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған «Соғыс күндері мен жанғыру жылдары. Дни боев и годы созиданий»атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы өтеді.
2017 жылғы 15 наурызда Павлодар облысының мемлекеттік архивінде Павлодар қаласындағы №7-ші мектептің 8-ші сынып оқушылары болды.
«Уақыт қарқыны зымыран» Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекетпен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретіне сенемін.»
(Н.Ә.Назарбаев)
2016 жылғы 10 желтоқсанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік. Бейбітшілік. Келісім. Тұрақтылық. Независимость. Мир. Согласие. Стабильность» атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы болып өтті. Көрмені Қазақстан Республикасы Президенті архивінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің құжаттары бойынша Павлодар облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері ұйымдастырды.
2016 жылғы 02 қыркүйекте сағат 15.00-де облыс мемархивінің Ак. Бектұров к-сі, 62/1 мекенжайындағы ғимаратында Павлодар облысының «Боздақтар» Естелік Кітабы редакциясы алқасының отырысы және бесінші томының тұсаукесері өтеді.
2016 жылдың мамыр айында Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Мәдениет және архивтер саласының үздік қызметкері» атағына кәсіби шеберлік конкурсын өткізді. Конкурс мәдениет және архивтер саласындағы талантты, шығармашылық тұрғыдан дарынды және бастамашыл қызметкерлерді моральдық және материалдық жағынан ынталандыру мақсатында өткізілді. Конкурс жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды: «Үздік кітапхана қызметкері», «Үздік музей қызметкері», «Үздік клуб қызметкері», «Үздік театр және концерт кәсіпорынының қызметкері», «Үздік архив қызметкері». Конкурс қорытындысы 2016 жылғы 20 мамыр күні Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрында өткен Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған облыстық форумда шығарылды.
Жыл сайын 9 маусымда Халықаралық архивтер күні (International Archives Day)атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 2007 жылғы қарашада Квебектегі (Канада) Бас ассамблеясында Халықаралық архивтер кеңесі (МСА, International Council on Archives, ICA)бекіткен болаты. Мерекенің бұл күнге негізделуі кездейсоқ емес, осы күні 1948 жылы ЮНЕСКОның шешімімен МСА құрылған болатын. Бұл ұйымның құрылу күні Халықаралық архивтер күні болып белгіленді. 2008 жылы өткен алғашқы бұл мереке МСАның 60 жылдығымен дөп келді.
Павлодар облысы мемлекеттік архивінің фойесінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақты даму мен гүлденудің негізі. Конституция Республики Казахстан – основа стабильного развития и процветания»атты фотоқұжаттық көрме жұмыс істеуде. Көрмеге Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің қорларынан алынған құжаттар қойылды.