Павлодар облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басымдық багыттарына сәйкес 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Құжаттар сыр шертеді» виртуалды тарихи-құжаттық көрмесін дайындады.
Бүгін Павлодар қаласындағы "Ertis” телеканалының "1 СТУДИЯ» тікелей эфирінде Павлодар облысының мемлекеттік аривінің басшысы - Байзельдинова М.З және басшының орынбасары- Макажанова Қ.Ғ.
2020 жылғы 22 мамырда мемлекеттік архиві бейнеконференция форматында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мектеп сабағын өткізді.
«Дəуiр бiздi таңдады… Время выбрало нас…» атты фотоқұжаттық көрме Ауған соғысына қатысқан павлодарлықтарға арналады. Облыс мемлекеттік архивінің Павлодар қ. Ак. Бектұров көшесі, 62/1 мекенжайында орналасқан ғимаратының кіреберісінде орналасқан көрмеге Павлодар облысы мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған «Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті бөлімшелерінде борышын өтеген интернационал жауынгерлердің істері, құжаттары мен естеліктері топтамасынан» алынған құжаттар көрермендердің назарына ұсынылып отыр.
КСРО тұсында 110 айға созылған және көптеген адамның өмірін жалмаған – Ауған соғысы болды. Ауғанстанға әскер кіргізу жөніндегі саяси шешімді 1979 жылғы желтоқсанның 12-сі күні Кеңес басшылары қабылдады.
Тікелей эфир арқылы бағдарлама қонақтары Павлодар облысы мемлекеттік архивінің 95 жылдық мерейтойы және облыстағы архив саласының дамуы және жай-күйі туралы айтты. Көрермендердің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақттарға жауап берді.
Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының өкілі – ақпараттық түсіндіру жұмыстары бөлімінің бас сарапшысы В.Е. Сафронова «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлеріне аталған жүйе бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жиында, мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі медициналық қызмет туралы мәселелер мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сөз қозғалды және филиал өкілі В.С. Сафронова қызметкерлер сұрақтарына жауап берді.
Павлодар облысы архиві қызметінің жұмысы туралы, алға қойған мақсат-міндеттері жайлы Павлодар облыстық радиосының тікелей эфирінде бағдарлама жарық көрді. 2020 жылғы 3 ақпан күні облыстық радионың эфирінде Павлодар облысы мемлекеттік архивінің басшысы М.Байзельдинова мен басшының орынбасары Қ.Мақажанова мекеменің жұмысы, «Архив-2025» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоспарлар туралы, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін және архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің көрсетілуі жайлы сөз қозғады.