Тіл – қай халықтың болсын басты белгісі және негізі. Тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша «Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағат» ММ-де «Тәуелсіздік тірегі - тіл» атты шара өткізілді. Осы шараның басты мақсаты – өз тіліңді білу, сыйлау, құрметтеу. Қойылған сұрақтарға мұрағатшылар өздерінің білімдерін көрсете білді.
2013 жылғы 15 қыркүйектегі «Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағаты» ММ қызметкерлері денсаулық, қала, отбасы Күндеріне байланысты, демалыстарын табиғатта өткізді. Ұжым мүшелері ұйымдастырылған спорттық ойындар мен сайыстарға белсенді қатысты.
2013 жылғы 7 қыркүйекте басқарма мамандары мен облыс мемлекеттік мұрағатының және жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының қызметкерлері Павлодар қаласының орталық стадионында өткен «Денсаулық фестивалі – 2013» іс-шарасына қатысты.
2013 жылғы 6 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасының партиялық ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе партиялық топтың «Нұр Отан» ХДП іске қайта қосу бойынша атқарған жұмысы туралы есеп болды. Екінші мәселе бойынша басқарманың партия мүшелері билеуші партияның миссиясы, 21-ғасырда Қазақстанды табысқа жеткізуге мүмкіндік беретін құндылықтар анықталған «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси доктринасының жобасы талқыланды. Мұрағатшылар партия доктринасының жобасын бір ауыздан қолдады.
Жиналыста «Нұр Отан» ХДП ҚБ Павлодар қалалық филиалының кезектен тыс 13-партиялық конференциясына делегат сайланды.
«Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы 2013 жылғы 2-6 қыркүйек аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өткен Мұрағаттардың халықаралық кеңесінің Еуроазиялық өңірлік бөлімшесінің XIV Жалпы конференциясының (ЕВРАЗИКА) жұмысына және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Іс-шараларға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Украина мұрағатшыларының делегациясы және бақылаушы ретінде – Польша қатысты.

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі Конституция – барлық қазақстандықтардың тең құқығы мен мүмкіншілігіне кепілдік беретін маңызды құжатқа айналды. Ата Заңымыз қоғамымыздың қарқынды дамуына жағдай туғызып, барлық жетістіктеріміздің бастамасы болып табылады.
Елбасы «Біздің басты парызымыз Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметтеуіміз қажет» - деген болатын. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартар әрбір азаматтың асыл парызы.
Осы айтулы мереке күні барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Еліміз аман, келешегі кемел болсын!
Ізгі ниетпен
Павлодар облысы
мұрағаттар және құжаттама
басқармасының басшысы Х. Әкімханов
2013 жылғы 16 тамызда КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО еңбегі сіңген металлургі, Павлодар облысының және Павлодар қаласының Құрметті Азаматы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор Сапарбек Сұлтанұлы Беркетовтың 80 жылдығына орай өткен мерейтойлық кеш аясында «Достық» концерт залының фойесінде фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге ұсынылған экспонаттар С.С.Беркетовтың өңіріміздегі металлургия саласын дамытуға қосқан үлесі туралы баяндайды.
Көрме академиктің Павлодар облысының Мемлекеттік мұрағатында сақталатын жеке тектік қорынан алынған материалдар негізінде ұйымдастырылды.


2013 жылғы 26 шілдеде Май ауданы әкімдігінің отырысында Май ауданының мемлекеттік мекемелеріндегі іс қағаздарын жүргізу жағдайы мен ведомстволық мұрағаттардың жұмысы туралы мәселе қарастырылды.
Астана күнінің қарсаңында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының партиялық ұйымы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жаңа мүшелерімен толықты. Басқарма мен Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының 8 қызметкері салтанатты жағдайда партия қатарына қабылданды. Мұрағат ісінің ардагері К.О. Есімханова, Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының директоры С.Б. Сүлейменова, партия ұйымының төрайымы Т.Р. Стрелецкая нұротандықтарды осынша маңызды да жауапты оқиғамен шын жүректен құттықтады.
Сіздерді кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Жеңімпаздар» («Победители»)кітабы үшін материалдар жинауға ат салысуға шақырамыз. Кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлықтар мен олардың соғыстан кейінгі кезеңдегі еңбек жолы туралы мәліметтер енетін болады. Осыған орай фашизмге қарсы қанды шайқастарға қатысып, кейін бейбіт еңбек еткен жақындары мен туыстары қандары бар тұрғындардан төменде келтірілген анкетаға сәйкес «Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-не, облыстың мемлекеттік мұрағатына және аумақтық қатысы бойынша орналасқан мұрағаттарға (мұрағаттардың мекенжайлары «Павлодар облысының мұрағат қызметі» сайтында) болашақ кітапқа қатысты материалдарды тапсыруды сұраймыз.
Фотосуреттер, құжаттар (соғыс жылдарындағы хаттар, марапаттау құжаттары және т.б.) сияқты отбасылық жәдігерлер сканерден өткізілгеннен кейін өз иелеріне қайтарылады. Сканерден өткізілген құжаттар тек кітапқа енгізіліп қана қоймай, алдағы уақытта Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының қорларын толықтыра отырып келер ұрпақтар үшін мәңгілікке сақталатын болады.
Барлығымыз бірлесе отырып қан майданнан жеңімпаз болып оралғандар туралы мәңгі естелік қалдырамыз деген сенімдеміз.