2013 жылғы 28 қарашада М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында«ЕЛДІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ. БАСТЫ МИССИЯ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ. ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ СТРАНЫ. МИССИЯ – СЛУЖЕНИЕ НАРОДУ»фотоқұжаттық көрмесі ашылады.
Көрме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Кинофотоқұжаттар мен дыбыстықжазбалардың орталық мемлекеттік мұрағатынан, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатынан айқындалған құжаттар бойынша әзірленген.
2013 жылғы 20 қарашада Павлодар қаласының Достық Үйінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары арасындағы өңіраралық ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарының 71-тармағын іске асыру шеңберінде Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармалары және Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшыларының қатысуымен мұрағат ісі мен құжат жасауды дамыту мәселелері бойынша кеңес өтеді.
2013 жылғы 20 қарашада Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары арасындағы өңіраралық серіктестік шеңберінде мұрағат ісі және құжаттану саласындағы тәжірибемен алмасу жөніндегі кеңес, сонымен қатар «Люди, постойте, почтите, не допустите, не повторите» тақырыбындағы Шығыс Қазақстан облысы мұрағатшыларының мұрағаттық-іздестіру жұмысының (Ресей Федерациясының Магадан облысы мұрағаттарында) тұсаукесері өтеді.
Іс-шара Достық үйінде сағат 15.00-де өтеді.
2013 жылғы 1 қарашада «Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқарамасы» ММ-де қаржылық сауаттылық аясында Қазақстан Ұлттық банкі Павлодар филиалының № 249911 бөлімшесінің бастығы М.В. Конрадимен кездесу өтіп, ол басқарма мамандары мен облыс мемлекеттік мұрағатының жұмысшыларын «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерімен және “Magic card” кредиттік карточкасының ерекшеліктерімен таныстырды.
2013 жылғы25 қазанда Качир ауданы әкімі Н.М. Күжан өткізген кеңейтілген кеңесте Павлодар облысы мемлекеттік мұрағаты Качир бөлімінің бастығы А.Т. Суханкуловтың «Ауданның мемлекеттік атқарушы оргндарында құжаттардың сақталуы және іс қағаздарын жүргізу» тақырыбындағы есебі тыңдалды.
2013 жылғы 1 қазанда облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасында басқармада есепте тұрған қазіргі кезде жұмыс істемейтін мұрағат қызметінің ардагерлерімен салтанатты кездесу өтті.
Кездесуге Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, КСРО мұрағат ісінің озаты В.Д. Болтина, КСРО мұрағат ісінің озаты Л.В. Шевелева және облысымыздағы мұрағат ісінің дамуына зор үлес қосқан басқа да ардагерлер қатысты.
Тіл – қай халықтың болсын басты белгісі және негізі. Тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша «Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағат» ММ-де «Тәуелсіздік тірегі - тіл» атты шара өткізілді. Осы шараның басты мақсаты – өз тіліңді білу, сыйлау, құрметтеу. Қойылған сұрақтарға мұрағатшылар өздерінің білімдерін көрсете білді.
2013 жылғы 15 қыркүйектегі «Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағаты» ММ қызметкерлері денсаулық, қала, отбасы Күндеріне байланысты, демалыстарын табиғатта өткізді. Ұжым мүшелері ұйымдастырылған спорттық ойындар мен сайыстарға белсенді қатысты.
2013 жылғы 7 қыркүйекте басқарма мамандары мен облыс мемлекеттік мұрағатының және жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының қызметкерлері Павлодар қаласының орталық стадионында өткен «Денсаулық фестивалі – 2013» іс-шарасына қатысты.
2013 жылғы 6 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасының партиялық ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе партиялық топтың «Нұр Отан» ХДП іске қайта қосу бойынша атқарған жұмысы туралы есеп болды. Екінші мәселе бойынша басқарманың партия мүшелері билеуші партияның миссиясы, 21-ғасырда Қазақстанды табысқа жеткізуге мүмкіндік беретін құндылықтар анықталған «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси доктринасының жобасы талқыланды. Мұрағатшылар партия доктринасының жобасын бір ауыздан қолдады.
Жиналыста «Нұр Отан» ХДП ҚБ Павлодар қалалық филиалының кезектен тыс 13-партиялық конференциясына делегат сайланды.