2013 жылғы 28 маусымда облыс мемлекеттік мұрағатының Качир бөлімі Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының қабылдануының 15 жылдығын мерекелеу және облыс мемлекеттік мұрағаты Качир бөлімінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Качир ауданының әкімі Н.М. Күлжанның, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ғ.Т. Исаханның, Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басққарамсының басшысы Х.Х. Әкімхановтың қатысуымен, облыс мемлекеттік мұрағатының бөлім бастықтарын және аудан жұртшылығын шақыра отырып «Дөңгелек үстел» өткізіліп, онда аудандық мұрағаттың жетістіктері мен алдағы уақытқа қойылған міндеттері талқыланды.

2013 жылғы 19 маусымда басқарма басшысы Х.Х. Әкімхановтың төрағалығымен «Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске басқарма мамандары, облыс мемлекеттік мұрағатының, Ақсу, Екібастұз қалалары мемлекеттік мұрағаттарының, Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағатының директорлары, облыс мемлекеттік мұрағатының аумақтық бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес консультативтік-кеңесші орган – облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының Алқасын құру, облыстық сараптау-тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары, «Боздақтар» және «Жеңімпаздар» кітаптарын шығару жобалары туралы мәселелер талқыланды.
Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 158/5 қаулысымен «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметін көрсету регламентіне» (бұдан әрі– Регламент) өзгеріс енгізілді.
Регламент Павлодар облысының әділет департаментінде 2013 жылғы 07 маусымда 2013 жылғы № 3547 болып тіркелді, 2013 жылғы 16 маусымдағы № 67 «Сарыарқа самалы», 2013 жылғы 16 маусымдағы № 67 «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2013 жылғы 1 маусымда «Қарлығаш» отбасында басқарманың қамқорлығына алынған жасөспірім Құдабек Ибраев тәрбиеленетін Павлодар қаласы Осипенко көшесі 13-үй мекенжайында орналасқан Балалар үйін құттықтау ұйымдастырылды. Мұрағаттар және құжаттама басқармасының өкілдері оқу мен спортта үздік жетістіктерге қол жеткізген тәрбиеленушілер марапатталған «Жұлдызды сағат» атты салтанатты іс-шараға қатысты. Павлодарлық мұрағатшылардың атынан туған өлке тарихы бойынша ауқымды мәлімет жинақталған мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстың мемлекеттік мұрағаты дайындаған «Павлодар облысы: жаңа тарих беттері. 1991-2012» кітабы кітапхана қорына тапсырылды.
Балаларға мерекелік дастархан үшін тәтті базарлық (торттар және т.б.) жолданды.
Сондай-ақ Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағаты ата-анасы жол апатында қаза болған Әмірханов Санжарға қайырымдылық көмек көрсетті.
Үстіміздегі жылдың 8 мамырында Жеңіс күнінің қарсаңында Әскери даңқ музейінің ғимаратында «Сен мәңгі естесің, жауынгер! Мы помним тебя, солдат!» фотоқұжаттық көрме ашылды. Көрмені Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыс мемлекеттік мұрағаты мен А.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырды.
Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Сіздерді 9 мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздің бүгінгі ұрпағы ынтымақ пен бейбітшілікте өмір сүруде.
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз.
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған жерлестеріміздің батырлығы, батылдығы мен табандылығының алдында бас иеміз.
Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!
Үстіміздегі жылдың 4-6 мамыры аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдық мерекесі қарсаңында облыстың мұрағат мекемелері соғыс ардагерлері Н.Т. Малининді, Ф.Я. Майерді, М.Н. Мильвановты және И.Д. Омельницкийді мерекемен құттықтап, дәстүрлі сыйлықтар табыстады.
Павлодар облысы мұрағатының тарихында алғаш рет 2013 жылғы 22 сәуір-12 мамыр аралығында Ресей Федерациясы Ленинград облысындағы Синявск шыңдарында өтетін «Вахта памяти» Халықаралық патриоттық акциясының шегінде Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Татбай Қаражан «Майдан жолы» іздестіру отрядының жұмысына қатысады.
2013 жылғы 8 сәуірде облыс әкімінің, облыс ЖОО ғалымдарының, еңбек ардагерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Достық үйінде «Павлодар облысы: жаңа тарих беттері. 1991-2012» кітабының тұсаукесері өтті.